№27 орта  мектеп

Сайт мәзірі
Сауалдама
Сайтымызды бағалаңыз
Всего ответов: 48
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » 2011 » Ноябрь » 15 » Мектебіміздегі Ш.Б. Бейсенбекқызы атындағы мұражайы
14:19
Мектебіміздегі Ш.Б. Бейсенбекқызы атындағы мұражайы

Мектебіміздегі Ш.Б. Бейсенбекқызы атындағы мұражайы

          Мұражай 2003 жылы ақпан айында ашылды. Мұражайды ашуға мектеп басшысы А.С.Аманова ұйытқы болды. Жергілікті халықты мұражайға қатысты заттар, бұйымдар, көне суреттер өткізулеріне жұмыстар жүргізді. Бұрынғы түлектермен байланысып, олардың өмірбаяны, фотосуреттері мен еңбектері жөнінде құнды мәліметтер жинақталды.

         Мұражайда  осы мектепте көп жыл басшылық еңбек еткен ардагер ұстаз, ҚР еңбек сіңірген Ш.Б.Бейсенбековаға арналған бұрыш, мектепке басшылық кезіндегі көрнекі стенд жұмыстары жасалды.

         Алғашқы ашылу салтанатына еліміздің әр түкпірлерінде еңбек етіп жүрген бұрынғы түлектер, еңбек демалысындағы құрметті ұстаздар келді. Қала әкімшілігі, қалалық білім бөлімі қызметкерлері келіп, құттықтау жолдады.

         Ал 2006 жылы осы мұражайға Ш.Б.Бейсенбекованың атын берілді. Қала басшылығы, сол кездегі қала әкімі А.А.Тұрлыбеков зор құрметпен мұражайдың атын берілу салтанатына қатысты. Осыған орай мұражайға түрлі-түсті теледидарды сыйға тартты.

         Мұражайда Ш.Б.Бейсенбековаға раналған бұрыш бар. Бұл жерде өмірбаяны, еңбегі, қызмет еткен жылдардағы марапаттаулары бар. Мұражайда мектеп тарихынан сыр шертетін үлкен стендтер орналасқан: «Біздің түлектер», «Спорт – сенің серігің», «Ұстаз шәкіртімен мақтанады», «Өмірі мен қызметі көпке үлгі», «Түлектер - мақтанышымыз». Сонымен қатар, Фотальбомдар жинақталған. Мұражайда сондай-ақ Кеңес Одағы кезіндегі мектеп атрибуттары, сол кездегі сынып журналдары, сарғайып көне тартқан мектептің құнды құжаттары сақтаулы.

         Жыл сайын мектеп мұражайы толығып, материалдар жинақталып жатады. Мектеп түлектері қолтаңбалары, мектептің озат түлектерінің фотолары, мектеп өміріндегі айтулы оқиғалары жинақталып, тарихымыздан сыр шертеді.

         Қазіргі техникалық жабдықталуға орай, бейнежазылымдар қоры сақталуда. Әрбір мерекелік жиындар, қала көлеміндегі, облыс, республика көлеміндегі жетістіктер мұражайда тұрған теледидар арқылы келген қонақтарға көрсетіледі.

         Алдағы жылы осы мұражайдың жұмыстары әрі қарай дами түспек. Оған мектептің ұстаздары мен оқушылары белсене атсалысып келеді.

Көрген саны: 1363 | Қосқан: shcool27 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікір: 0
Пікір қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.
[ Тіркелу | Кіру ]
Салем!
Вторник, 07.05.2024, 13:04
Салем! Гость | RSS
Іздеу
Күнтізбе
«  Ноябрь 2011  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Қош келдіңіз
Ұсыныс
  • Сайт мечети г. Алматы
  • Тафсир корана, хадисы, намаз
  • Намаз по корану и сунне, хадисы
  • Имам агзам Абу Ханифа мирасы
  • Нужен сайт для школы? Пишите
  • Серіктестік
  • Создать сайт
  • №3 орта мектеп Сатпаев қ.
  • №7 орта мектеп Сатпаев қ.
  • №15 орта мектеп Сатпаев қ.

  • Copyright MyCorp © 2024
    Создать бесплатный сайт с uCoz