№27 орта  мектеп

Сайт мәзірі
Сауалдама
Сайтымызды бағалаңыз
Всего ответов: 48
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » 2014 » Ноябрь » 26 » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес –әркімнің мінд
10:26
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес –әркімнің мінд
Тәуелсіз мемлекеттің озық елдер қатарына қосылуы үшін дамудың жарқын жолына түсуіне көлденең тұрар кесапаттың бірі – сыбайлас жемқорлық. Ол өмірдің барлық саласына сыналай кіріп, қоғамды іштен ірітетін, жүндей түтетін жегі құрт секілді. Елбасы тапсырған асқаралы істерді, маңыз¬ды бағдарламалар мен жобалар¬ды жүзеге асыруда сыбайлас жем¬қорлық пен парақорлықтан келетін зиян орасан. Осы орайда «Нұр Отан» партиясы да бұл кесапатқа қарсы күрес жүргізудің жолдарын қарастырып, «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жобасын» көпшілікке ұсынған болатын. Осы жоба елімізде түрлі қоғамдық ұйымдарда қызу талқыланып, үлкен қолдау табуда.Осындай талқылаудың бірі №27орта мектебінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - әркімнің міндеті» тақырыбында мектеп ұстаздары арасында өтті. Алдымен мектеп басшысы Ж.Е.Альмаганбетов кіріспемен бастап, өз пікірін білдірді. Мектеп басшысы жобаны партияның Доктринадан кейінгі маңызды құжаты деп бағалады. «Жемқорлық сырттан келген немесе оқыстан пайда болған кесел емес. Бұл алдымен қоғамның бұрынғы замандардан бері қарай тамыры тереңге кеткен дертінің бірі, сонымен қоса, айналамызда, бүгінгі замандастарымыздың қолымен жасалатын «шаруа» – қылмыс. Жұртшылыққа бір мәселе айқын. Сыбайлас жемқор¬лыққа қарапайым еңбек адамдары, өз маңдайтерімен күндік нәпақасын тауып жүрген отандастарымыз емес, негізінен халықтың несібесі қолына сеніп тапсырылған мемлекеттік қызметкерлер, лауазым иелері барады. Жемқорлықтың екінші аты—мемлекет қазынасына қол сұғу, ұрлық екені белгілі», деп атап көрсетті. Тарих мұғалімдері еліміздің саяси жақтарын айқындап, жалпы шолу түрінде түсінік берді. Тарихшы Ж.Құлманов саяси бағыттағы пікірін былай деп атап көрсетті: «Қа¬зақ¬станның Еуразиялық эконо¬микалық одаққа кіруіне байланысты коррупциялық әрекеттер шеңберінің кеңейе түсуі мүмкін. Сыбайлас жемқорлық үшін иненің жасуындай мүмкіндік табылса, ол өркен жайып кетуге дайын тұрады, сол үшін мұны да қаперден шығармау керек.» Талқылау барысында мұғалімдер өз ойларын айтып, бұл «Нұр Отанның» елі¬¬мізді дамуға жетелейтін және ол жолда кездесетін сыбай¬лас жемқорлық, парақорлық секіл¬ді кедергілерден тазалауға жұрт¬шылықты жұмылдыратын ықпал¬ды күш екендігін атады. Жастар тарапынан ойын ашық айтқан ағылшын мұғалімі А.Түсіпова былай деді: – Жергілікті атқарушы билік халықпен жақындай түскенде сыбайлас жемқорлық та ығысар еді. Мысалға, шенеуніктер тарапынан іскерлікпен қоса, халықтың мұң-мұқтажын ести, көре білетін адалдық болуы шарт. Қандай атқарылып жатқан жұмыстарында болса да жариялылық болғаны жөн. «Нұр Отан» партиясының бұл бағдарламасы жобасынан да осындай ой байқалады. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Ж.Баймұханова осы пікір алмасу отырысын қорытындылай келе,«2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жобасын» талқылауға партия мүшелері ғана емес, жалпы жұртшылықтың да қызу қатысып отырғанын айтты. Бұл «Нұр Отанның» елі¬¬мізді дамуға жетелейтін және ол жолда кездесетін сыбай¬лас жемқорлық, парақорлық секіл¬ді кедергілерден тазалауға жұрт¬шылықты жұмылдыратын ықпал¬ды күш екендігін атап өтті. Және партия мүшелері ретінде мұғалімдер де өз тарапынан қолдау көрсетіп, мемлекетіміздің нығайып, көркейе түсуіне үлес қосуға шақырды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында кездесулер, әңгімелесулер әлі де жоспарлы түрде өткізіліп, ата-ана, оқушылар, ұжым арасындатүрлі жұмыстар жүргізілмекші. Авторы: М.Қызданова №27 орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Көрген саны: 1567 | Қосқан: Смаиловна | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікір: 0
Пікір қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.
[ Тіркелу | Кіру ]
Салем!
Вторник, 07.05.2024, 17:36
Салем! Гость | RSS
Іздеу
Күнтізбе
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Қош келдіңіз
Ұсыныс
  • Сайт мечети г. Алматы
  • Тафсир корана, хадисы, намаз
  • Намаз по корану и сунне, хадисы
  • Имам агзам Абу Ханифа мирасы
  • Нужен сайт для школы? Пишите
  • Серіктестік
  • Создать сайт
  • №3 орта мектеп Сатпаев қ.
  • №7 орта мектеп Сатпаев қ.
  • №15 орта мектеп Сатпаев қ.

  • Copyright MyCorp © 2024
    Создать бесплатный сайт с uCoz