№27 орта  мектеп

Сайт мәзірі
Сауалдама
Сайтымызды бағалаңыз
Всего ответов: 48
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » 2014 » Декабрь » 4 » Жолдау – бақытты болашаққа бағдар
11:46
Жолдау – бақытты болашаққа бағдар
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына кезекті Жолдауын арнай отырып, мемлекет дамуының жаңа бағыттарын айқындап берді. Бұл ретте, негізгі басымдық отандық экономиканың өсіміне беріліп отыр. Осы елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауын №27 ЖОББ мұғалімдер ұжымы талдап, отырыс өткізді. Ж.Құлманов тарихшы ретінде Жолдауға жалпылама шолу жасап өтті. Өз пікірін қосып, еліміздің өркендеуіне бірден-бір маңызы бар құжат екендігін атап беріп, былай деп сөзін түйіндеді: - Бұл Жолдау біздің еліміздің жаңаша өркендеуіне жол ашатынына сені¬мім зор.Маған Президент Жолдауының нақтылы¬ғы мен ширақтығы ұнады. Әсіресе, қаржы¬лық мәселелерге байланысты нақты тапсырма¬лар берілді. Соның ішінде қаражат елдің эконмикасы мен халықтың әл-қуатын арттыруға ғана жұмсалуы керектігі дұрыс айтылды. Ал оны шағын топтар өзінің пайдасына бұрғысы келетін болса – ондайлар тиісті жазасын алуы керек - деген Президенттің қатаң талабы да ¬ойымнан шықты. Жолдауды талқылауға өзге мұғалімдер қатысып, пікірлерін білдірді. Тарих мұғалімі Г.Бектібаева Жолдаудағы айтылған ұлттық қордан бөлінген қомақты қаржының жұмсалуы, оның қай салаларға арналғандығына тоқталды: - Қосымша 500 млрд. теңге қаржы Ұлттық қордан бөлінетін болса, соның 100 млрд. теңгесі бизнесті қаржыландыруға, 250 млрд. теңге банкі жүйесіне, жаңа инвестиция бағытына 80 млрд. теңге, ЭКСПО-2017 ұлттық көрмесіне 40 млрд. теңге бөлу көзделген. Халықтың әлеуметтік тұрмысын көтеруге 70 млрд. теңгенің 20 млрд.-ы балабақша құрылысына бөлінетін болады. «Екібастұз – Семей – Өскемен – Ақтоғай – Талдықорған – Алматы» бағытындағы жоғары кернеулі электр жүйесін тарту құрылысын тиімді жүргізу өркениет бағытындағы игі шаралардың ең жемістісі болмақ, - деді. Жолдауда тұрғын үй мәселесіне байланысты айтылған бағыттар бойынша жас мамандар да өз пікірлерін айтты. Жас ұстаз Ж.Баймұханова тұрғын үй мәселесіндегі елбасының сөзін келтіре отырып, өз ойын білдірді: - Бас¬панасыз жүрген тұрғындарды үймен қамтамасыз етудің жолдарын Елбасы осы Жолдауда пысықтай түсті. «Арендалық баспана құрылысы тұрғысындағы қадамдарды қайта қарастыру керек. Бізде қолжетімді баспана бойынша көптеген әдістер бар. Елімізде тұрғын үй-құрылыс жинақ жүйесі, ипотека, арендалық бағыттар қамтылған. Енді бізге басқа қырынан қарау керек. Мемлекет әлеуметтік арендалық баспананы салып, оны халыққа сатып алу құқығымен ұзақ мерзімге жалға беретін болады. Қазіргі кезде қолданыстағы жүйе қомақты қаржыны талап етеді. Бастапқы жарнаны төлеткізеді, содан кейін банк¬тер кіріптарлық пайыздарды бекітеді, яғни оның деңгейі 20 пайызға жетеді. Адам¬дар оны төлеуге қауқарсыз және проб¬ле¬малар туындайды. Бұл бағдарламалар қалады, олар дәулетті адамдар үшін қалыпты. Ал жаңа бағыттағы бағдарламаны жас отбасылар үшін және баспанаға зәру азаматтарға жасап жатырмыз», – деді Н.Назарбаев. Әрине, бұл әдіс, әсіресе, жастар үшін, әлеуметтік жағдайы орта отбасылары үшін өте қолайлы болар еді. Осы жүйе күшіне енсе, баспана еш делдалсыз, мейлінше төмен пайы第¬бен беріліп, үйді сатып алу құны төмендетіліп, бастапқы жар¬наға тыйым салынар еді. Мұ¬нан артық қандай қолайлы жағдай керек. Осылайша елбасының кезекті Жолдауы педагогтар арасында қызу талқыланды. Мектеп директоры Ж.Е.Әлмағанбетов қорыта келе, жас ұрпақтың қазақ¬стандық патриотизмін дамытуда, оларды елжандылыққа, адами құндылыққа тәрбие¬леп, елі үшін қызмет етуге үйретуде Елбасы Жолдауын басшылыққа алу керектігін атап өтті. Ол, сондай-ақ, жалпы білім саласы қызметкерлерінің, яғни, мұғалімдердің нұрлы болашақ жолында жұдырықтай бірігіп, адал еңбек ету керек екендігін атады.
Көрген саны: 2139 | Қосқан: adsbigcity | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікір: 0
Пікір қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.
[ Тіркелу | Кіру ]
Салем!
Вторник, 07.05.2024, 16:14
Салем! Гость | RSS
Іздеу
Күнтізбе
«  Декабрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Қош келдіңіз
Ұсыныс
  • Сайт мечети г. Алматы
  • Тафсир корана, хадисы, намаз
  • Намаз по корану и сунне, хадисы
  • Имам агзам Абу Ханифа мирасы
  • Нужен сайт для школы? Пишите
  • Серіктестік
  • Создать сайт
  • №3 орта мектеп Сатпаев қ.
  • №7 орта мектеп Сатпаев қ.
  • №15 орта мектеп Сатпаев қ.

  • Copyright MyCorp © 2024
    Создать бесплатный сайт с uCoz