№27 орта  мектеп

Сайт мәзірі
Бөлімдер
Әкімшілік [4] Ұстаздар [73]
Біздің мақтаныш [7] Мұражай [5]
Тарих [2] Шаралар [4]
Сауалдама
Қай кезекте оқығанды ұнатасын?
Всего ответов: 34
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0
Главная » Суретжиғы » Мұражай » Қаныш Имантайұлы Сәәтбаев
Тәуелсіз Қазақстанда Қ.И.Сәтбаевтың 100 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтілді. Осыған орайлас 1999 жылы мектебемізде Сәтбаев мұражайы ашылды. Бұл іске бастамашы болған сол уақыттағы мектеп басшысы Қыпшақбай Сайдалинов (1995-2000) болды. Бұл мұражайда Қ.И.Сәтбаев жайында деректері бар кітаптар, 100 жылдығына шыққан суреттер топтамалары, кең қойнауын көзін бейнелейтін бейнелер, яғни жұмыс үстіндегі шахтерлар, кең жұмысына арналған ауыр көліктер, осы жердің пайдалы қазбаларының үлгі тастары бар. Мұражай қорында 150-дей құндылықтар бар. Ұлы ғалымның туып-өскен жерінен, жастық кездерінен басталып, біртін-біртін Жезқазған өңірінің жер тарихын, ел тарихын бейнелеп, ғалымның еңбек жолдарымен бірге астасып кетеді. Алғашқы мыс өңдірілген қарашаңырақ Қарсақпай, Ұлытаудың қатпар-қатпар атқарылып жатқан жер асты байлығы мен ел тарихындағы қазақ жұртының өмірі де осында көрініс тапқан. Мұнда Республикамыздың әр жерінен іс сапармен келетін құрметті азаматтары міндетті түрде ат басын тірейді. Осы қонақтардың ішінде ерекше орын алатыны ғалымның қызы М.Сәтбаеваның Алматыдан әке мұражайына арнайы келуі. Ол 2003 жылы өзі келіп және 2006 жылы жұбайымен келіп, әкесінің көзін көрген кісілермен жүздесті. Қала ішінде өз орны бар мәдени ошақ ретінде мұражай жұмыстары үнемі жүріп жатады. Ғалымның туған күніне, қаланың туған күніне көрмелер, кездесулер, шығармашылық отырыстар өтеді. Мұражайдың мақсаты-жастарға, жалпы қала жұртшылығына ұлы тұлғаның туған жеріміздегі айрықша еңбегін көрсету, өлкеміздің тарихын, оның ғалым өмірімен тығыз байланысын, туған жеріміздің жеткен биік белестерін танытып, патриоттық рух беру. 2008 жылы Қ.И.Сәтбаевтың қоладан құйылған мүсіні мұражайдың төрінен орын алды. Жезқазған "Қазахмыс" комбинаты мұражайдың бас демеушісі ретінде үнемі қолдау көрсетіп отырады.
Көргендер: 3214 | Көлемі: 183x276px/5.8Kb
Күні: 09.09.2011 | Қосқан: shcool27
Рейтинг: 3.1/7

« Предыдущая  | 1 2 3 4 [5] |  Следующая »

Барлық пікір: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Салем!
Воскресенье, 19.05.2024, 18:43
Салем! Гость | RSS
Іздеу
Қош келдіңіз
Ұсыныс
  • Сайт мечети г. Алматы
  • Тафсир корана, хадисы, намаз
  • Намаз по корану и сунне, хадисы
  • Имам агзам Абу Ханифа мирасы
  • Нужен сайт для школы? Пишите
  • Серіктестік
  • Создать сайт
  • №3 орта мектеп Сатпаев қ.
  • №7 орта мектеп Сатпаев қ.
  • №15 орта мектеп Сатпаев қ.

  • Copyright MyCorp © 2024
    Создать бесплатный сайт с uCoz